Қызылордада полицейлер жастармен маңызды мәселелерді талқылады
Қызылордада "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жастардың құқықтық сауатын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға 500-ге жуық студент қатысты.
Кездесуге Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев, облыстық дін істері басқармасына қарасты "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" бөлім басшысы Асхат Ерубай және қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Медет Жорабек қатысты.
Жиында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, әлімжеттік, топтық төбелес, есірткінің зияны, интернет-алаяқтық және діни сауаттылық мәселелері талқыланды.

Мамандар студенттерге құқықтық жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік ережелері және жат идеологияның ықпалынан сақтану жолдары туралы түсіндірді. Сондай-ақ өзара сыйластықты сақтау, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызына тоқталды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мамандар нақты мысалдар келтіріп, жастардың сауалдарына жауап берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың заңға деген құрметін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
