Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында абаттандыру талаптарын бұзған кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Жамбыл облысында абаттандыру талаптарын бұзған кәсіпкерлер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталды. Тәртіп сақшылары өңірдегі тазалық пен санитарлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейткен.

Кезекті тексеру барысында Тараз қаласында құрылыс жұмыстарынан қалған қалдықтардың белгіленбеген аумаққа төгілгені анықталды. Осыған байланысты компания иелеріне қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Құқық бұзушылық Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Полиция құрылыс жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлерге қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығаруды және елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтауды ескертеді.

Жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру талаптарын бұзудың 22 301 дерегі тіркелген. Оның басым бөлігі бойынша ескерту жасалып, бірқатар құқық бұзушыларға өзге де әкімшілік шаралар қолданылған.

Тәртіп сақшылары елді мекендердің тазалығын сақтау – ортақ міндет екенін атап өтіп, абаттандыру қағидаларының орындалуына бағытталған бақылау жұмыстарын жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру