Ұлытауда есірткіге қарсы байқаудың үздіктері анықталды
Ұлытауда есірткіге қарсы байқаудың үздіктері анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлытау облысы полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен балалардың шығармашылық бастамаларын қолдауға арналған "Шығармашылық шабыт – есірткісіз болашақ!" байқауы қорытындыланды.
Байқауға аймақтан 300-ден астам сурет пен 40-қа жуық бейнеролик түсті. Балалар өз жұмыстарында зиянды әдеттердің алдын алу, денсаулықты сақтау және жарқын болашаққа деген көзқарасын бейнеледі.

Салтанатты рәсімде Ұлытау облысы полиция департаментінің өкілдері Серік Нұртаев пен Медет Жүнісов, сондай-ақ облыс прокуратурасының аға прокуроры Дәлен Рақымжанов жастарды құттықтап, мұндай бастамалардың профилактикалық маңызын атап өтті.
Қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар және арнайы номинациялар бойынша дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
