Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шиелі аудандық сотында пробация есебіндегі сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Жалпы пробацияның мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген
міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру, сотталғандарды түзеу жолына түсіру, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар, қайта қылмыс жасауының алдын алу, шартты түрде
сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдық және құқықтық
нормалардың сақталуы болып табылады.

Жуырда Шиелі аудандық сотында пробация есебіндегі сотталғандардың
қатысуымен ашық сот отырысы өтті. Сот отырысында сотталған Б-ның бас
бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас
бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде пробация қызметінің ұсынысы
қаралды. Себебі, сотталған Б.М. бақылауда жүргеніне қарамастан, қоғамдық
тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Сондай-ақ, сот жүктеген міндеттерін орындамай, жауапкершілігін біле тұра жаза
өтеуден қаскөйлікпен жалтарып, пробация қызметі бөліміне тіркелуге келмей
бақылаудан жасырынып жүрген. Аталған азамат Шиелі аудандық сотының
қаулысымен іздеу жарияланып, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен
ұсталған.

«Бүгінгі ашық сот отырысына аудандық пробация қызметінің есебінде
тұрған 40 тан астам азаматпен азаматшалар қатысып отыр. Бұл азаматтарды
қатыстыруымыздың мақсаты пробация қызметінің бақылауынан жасырынып,
тиісті қорытынды жасамай, түзелу жолына түсуге талпынбаған азаматтардың
барар жері түзеу мекемесі екендігін көрсету. Қазіргі таңда Шиелі аудандық
пробация қызметі есебінде 90 азамат есепте тұр »- деді аудандық пробация
қызметінің бастығы әділет майоры Қ.Байкенжеев.

Аудан прокуроры Н.Дүйсенбаев сотталғандарға қоғамдық тәртіпті бұзбау, қайта қылмыс жасамау
керектігін, сот жүктеген міндеттермен Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру