Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері жыл басынан бері «ізін суытпай» бірнеше ұрлық ашты

Азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көлік полицейлерінің басты міндеттерінің бірі болып табылады, деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының жедел ұйымдасқан жұмыстарының арқасында жыл басынан бері бірқатар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар ашылды.

Мәселен, 4 қаңтарда Нұр-Сұлтан стансасының Желілік басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы астана тұрғыны темір жол вокзалында белгісіз біреулердің ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 37 жастағы әйел анықталып, ұсталды.
Сондай-ақ, көлік полицейлері «Алматы-Саратов» бағытындағы жолаушылар пойызындағы ұрлық фактісін «ізін суытпай» ашты. Аталған пойыздың жолаушысы, Батыс Қазақстан облысының 67 жастағы тұрғыны пойыз тоқтап тұрған кезде белгісіз тұлғалар оның құжаттарын және ұялы телефонын ұрлап кеткенін жеткізген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері аз уақыт ішінде Ақтөбе облысының 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы, яғни, ұрлық қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттар тәркіленіп, толықтай иелеріне қайтарылды.
Сондай-ақ, тергеу амалдары бойынша ұсталған азаматтардың бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Көліктегі полиция департаментінде 2019 жылы 838 ұрлық тіркелді,оның 60 % – ы бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша ашылды.

Көлік полицейлері өз кезегінде, азаматтарға жеке заттарына мұқият болып, қараусыз қалдырмауды ЕСКЕРТЕДІ. Сондай-ақ, жеке заттардың ұрланғаны немесе басқа да құқық бұзушылықтардың орын алғандығы туралы Желілік полиция бөлімдеріне немесе «102» нөміріне дереу хабарласу қажет.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру