Павлодарда үйсіз-күйсіз адамдарды суықтан құтқарып жатыр
Қыс басталғалы павлодарлық полицейлер қаңғыбастар жиналған жерлерге рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
«Қаңтар айы басталғалы, 5 күн ішінде Павлодар қалалық бейәлеуметтендіру орталығына қиын жағдайда қалған тұрақты үй-жайы жоқ 50 адамды жеткізілді», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлердің айтуынша, барлық патрульдік бөлімшеде тұрақты баспанасы жоқ адамдар жиналатын жерлердің картасы бар, ол өзгеріп отырады.
«Олар полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен кейін түрлі шаралардан өтеді: фото, видеоесепке қояды, саусақ іздерін алады, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалып кеткендер тізімімен салыстырады. Адамдарды кәріз құдықтарынан шығарып алған соң, жылу желілері қызметшілері ешкім кіріп кетпес үшін оларды жауып тастады», – деді баспасөз қызметіндегілер.