СҚО полицейлері із-түссіз жоғалған 159 адамды іздеп тапты
СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері із-түссіз жоғалған адамдарды іздеу бойынша өткен жылда атқарған жұмыстарын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі. Облыс бойынша бір жыл ішінде адамдардың жоғалуының барлығы 169 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 159 адам табылып, 111-нің жүрген жерін полиция қызметкерлері кезекші тәулікте анықтады.
169 жағдайдың 25-нде кәмелетке толмағандар жоғалған. Оларды іздеуге ерекше көңіл бөлінеді. Жасөспірімдердің үйлерінен өз еріктерімен кетіп қалуының әр фактісі полиция басшылығының бақылауына алынады. Жасөспірімдердің қоршаған ортасы, таныстары тексеріледі. Көп жағдайда кәмелетке толмағандар уақыттарын достарымен бірге өткізу үшін телефондарын өшіріп, ата-аналарының уайымдайтынын ойламай кетіп қалады. Осылайша, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің барлығы табылып, үйлеріне қайтарылды.
«Отбасыларында немесе жақындарымен сөзге келіп қалып, ренжісу адамдардың жоғалуына жиі себеп болады», – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Келесі бір себеп – алкоголь. Өткен жылы жоғалып кеткен 169 адамның 75-і – спирттік ішімдікті ішуді әдетке айналдырғандар, олардың 26-сы – әйелдер. Осындай адамдарды іздеу кезінде көңіл көтеру орындарына баса назар аударылады. Тәжірибеде адамдардың нәпақа табу үшін тұрғылықты орнын ауыстырып, басқа елді мекенге кетіп қалуы да жиі кездеседі. Кейін жақындарын, туыстарын ұмытып, байланысқа шықпайды».
Полицейлер із-түссіз жоғалған Бақыт Жоламанқызы Хамзина мен Виктор Викторович Раскатовты іздеуде тұрғындардан жәрдемдесуді сұрайды.
Бақыт Хамзина 1971 жылы туған. Шал ақын ауданының Жаңаталап ауылындағы үйінен 2019 жылғы 18 қарашада белгісіз шығып кетіп қалған. Белгілері: бойы 160 см, орта денелі, ақ шашты. Үстінде қызыл курткасы, қара тоқылған шәпкесі, сұр түсті джинсы болған.
36 жастағы Виктор Раскатов Петропавл қаласындағы үйінен 2019 жылғы 30 қыркүйекте шығып кетіп, оралмаған. Белгілері: бойы шамамен 160 см, орта денелі, көздері жасыл түсті, шаштары сарғылт-қара түсті, басының кейбір жерлерінде шаштары түскен, қастары сирек майысыңқы. Үстінде сұр түсті трикосы, қара-жасыл түсті курткасы, қара шәпкесі болған.
Олардың жүрген жерлері туралы қандай-да бір ақпарат алған жағдайда «102» арнасына немесе 8-(7152) 39-41-78, 8-707-820-30-29 телефондары арқылы СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне, 8 (7152) 39-48-37, 39-48-07, 8-747-239-11-61, 8-707-909-50-06 нөмірлері арқылы Петропавл қ. Полиция басқармасына, 8 (715)-34 2-01-45; 50-04-29, 8-705-160-31-07 телефондары арқылы Шал ақын ауданы Полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесіне хабарласуды сұраймыз.