Павлодарлық полицейлер жалған немесе жасырын нөмірлі 44 жүргізушіні ұстады
Автомобиль жолдарындағы бейнекамераларды алдау әрекеттерін бүкіл әлемнің автоәуесқойлары бұзушылықтарды бейнетіркеу технологиясы пайда болған кезден бастап қолданады, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Кейбіреулері жалған, басқалары мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін заманауи техникалық жаңалықтарды пайдаланады.
2019 жылы Павлодар полицейлері автокөлікті жалған, қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар немесе нөмірлерді өзгертуге, немесе жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдарды қолданып жабдықталған басқарғаны үшін 44 жүргізушіні анықтады.
2020 жылы осындай алғашқы жағдай тіркелген.
Павлодар қаласында 14 қаңтарда түнде Кривенко көшесі, 85-үйде полиция қызметкерлері қарауылдау кезінде 27 жастағы павлодарлықтың басқаруындағы «Toyota Highlander» маркалы автокөлігін ұстады.
Бұл автода мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде олардың әріптік және сандық белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін элементтер орнатылған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал қарау үшін әкімшілік сотқа жіберілді. (Осы баптың санкциясы 20 АЕК (53020) теңге мөлшерінде айыппұлды немесе 1 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айыруды көздейді).
Құқықтық тәртіп сақшыларымен мемлекеттік нөмірлік белгілер тәркіленді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған.