Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Жолда қабылдау» басталды

Бүгін Қызылорда қаласында республикалық «Жолда қабылдау» акциясының келесі кезеңі өз жұмысын іске қосты.

Халықпен кері байланыс орнату үшін полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан акция облыстың 11 жерінде, аудандарда және облыс орталығында өткізіліп жатыр.

Қазіргі таңда «Жолда қабылдау» акциясы облыс орталығында Тоқтыбаев көшесінде, «Тағзым» алаңында өтіп жатыр. Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға Армения, Қырғызстан, Беларусь, Ресейден әкелінген көліктердің біздің елде рәсімделу тәртібі, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.

4 сағаттың ішінде мамандардан 300 – ге жуық облыс тұрғындары кеңес алды. Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны Жұбанов Сайлаубек, жеке сұрағын қойып, мамандардың аузынан шетел көліктерін тіркеу тәртібі туралы білуге келген. Шетелдік нөмірі бар автокөлігін ол Армениядан 3 ай бұрын әкелген.

Әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а. полиция полковнигі Нұрлан Садықов бұл мәселе бойынша қолданыстағы ережелер туралы түсіндірді.Ол Қазақстан Республикасына Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу келесі құжаттартарды ұсыну кезінде жүзеге асырылатынын атап өтті:

– жеке куәлік;

– кедендік ресімдеуден өтукендігін растайтын құжаттар;

(Салық кодексінің 615 – бабына сәйкес: көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бергені үшін – 1,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін бергені үшін – 2,8 АЕК; Салық кодексінің 553-бабына сәйкес көлік құралын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін);

Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінде белгіленген көлік құралдарын бастапқы тіркеу (кәдеге жарату) кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауы;

– көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Оларға мыналар жатады: сатып алу-сату шарты, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжат, айырбастау шарты, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған сыйға тарту;

– көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (сертификаттау саласындағы аккредитациядан өткен зертханалар береді).

Сонымен қатар, жеке қабылдаудан бөлек облыс және қала тұрғындары департаменттің әлеуметтік парақшалары мен «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру