Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайырымды ел полицейлері !

Ресейлік жолаушылар көмек қолын созған қазақ полицейлеріне алғыс білдірді.

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында «Хундай Грета» маркалы автокөлігін тізгіндеген Ресей Федерациясының азаматы көлігінің дөңгелегі тесіліп, жол бойында тұрып қалған. Кешкі уақытта күнделікті жұмыстарын атқарып, қала көшелерін патрульдеу кезінде, бұзылып тұрған көлікті көрген Сарыағаш АПБ Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы Бақытжан Аханбаев пен полиция лейтенанты Ерболат Диханбаевтар тоқтап, жолаушының жағдайын сұраған. Содан соң автокөліктің техникалық ақауын жөндетіп, тесілген дөңгелегін желімдеу орталығына апарып жаматып берген. Одан бөлек, шетелдік жолаушыларды «Жетісай-Шымкент» трассасына апарып, дұрыс бағытты көрсетіп, шығарып салған.

      Өз кезегінде шетелдік азамат : – «Жолда адасып қалдық, көлігімізде ақаулар болған еді. Қысқасы, тығырыққа тірелдік. Осы сәтте жанымыздан қаншама көліктер зулап өтіп жатты, алайда қазақ полицейлері бізді назардан тыс қалдырмады ,» –деп алғыс білдірді.

 

Бұл жағдай полиция қызметкерлерінің өз мамандықтарына адал, адами тұрғыдан биік екендігін көрсетеді .

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру