Түркістандық полицейлер құқық бұзушылықты анықтады
Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері ағымдағы жылдың қаңтар айының 15-17-сі күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері полицейлер 565 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 15-і жылдамдықты арттыру және 75 маневр жасау ережелерін бұзу жайттары болды. Сондай-ақ, ұялы телефон қолданғаны үшін 117 жүргізуші, сақтандырусыз автокөлік жүргізгені үшін 35 жүргізуші және техникалық байқаудан өтпеген 40 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жолаушыларды,багажды және жүктерді тасымалдау ережелерінің 75 заң бұзушылығын, 32 тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау дерегін, рейс алдындағы техникалық байқаудан және медициналық тексеруден өтпеген 12 жайтты және шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшерін асыра отырып автомотокөлікті пайдаланудың 3 дерегін анықтады. Ал, айыппұл тұрағына 15 автокөлік қойылды. Сондай-ақ, «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер ТЖД қызметкерлерімен бірге 40 автобусты мұқият тексеріп, жылыту, электр жабдықтары және т. б. жай-күйін қадағалап шықты.
Жергілікті полиция қызметкерлері атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілерінің ҚР ЖҚЕ сақтауын қамтамасыз ету бойынша осындай жеделдетілген іс-шараларды үздіксіз жүргізіп келеді. Аталмыш шаралар жол-көлік оқиғаларын төмендетуге және облыс жолдарында апаттылықтың алдын алуға ықпал етеді, сондай-ақ жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.