Арменияға құзырлы топ аттанды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Марат Қожаев еліміздің азаматтарының іс-әрекетінің заңдылығын білу үшін қазақстандық мамандар Арменияға кеткенін атап өтті.
«ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, әкімшілік полиция комитетінен, көші-қон полициясы комитетінен жиналған құзыретті қызметкерлерден тұратын топты Армения Республикасына жіберді. Олар армян әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан және Армения азаматтарының іс-әрекеттерінің заңдылығын тексереді. Айта кетерлігі, біздің азаматтарымыз Армения аумағында олардың тарапына қатысты құқықбұзушылық болды деп, құқық қорғау органдарына өтініш білдірген. Яғни, армян азаматтары қазақстандықтарға жаңылыс ақпарат айтып, оларды алдаған. Нәтижесінде, олар шығынға ұшыраған. Осыны ескере отырып, ІІМ түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды», – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Қожаев.