Полицейлер есірткі заттарын тасымалдаған тұрғынды қамауға алды
18 қаңтарда патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында Қызылорда облысы Арал ауданы тұсында күдік тудырған жеңіл автокөлік тоқтатылды.
Тексеру жүргізу барысында автокөліктің артқы салонында ерекше иісі бар шөп салынған 2 дана полиэтилен пакеті және газетке оралған шөпке ұқсас зат алынды.Сараптама қорытындысы бойынша, заттар 1 келіге жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталған.
Автокөлік жүргізушісі 36 жастағы Арал ауданының тұрғыны болып шықты.
Күдікті Қызылорда облысы Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 296-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.