Жолда толғағы қысқан әйелге полиция қызметкерлері көмек көрсетті
18 қаңтарда таңғы сағат 7-лер шамасында Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының полиция батальоны Максим Драгун мен Бектас Іңкәрбаевқа жергілікті тұрғыннан облыстық перинаталдық орталыққа жетуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен.
Сол күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Теміртау мен Қарағанды аралығындағы жол учаскесінде жол қозғалысы жабылды, ал оның машинасында жұбайы толғатып жатыпты.
«Полиция қызметкерлері дереу көмек қолын созып,жолда күтіп тұрған автокөліктердің жалпы колоннасынан көлікті шығарып, тез арада медициналық мекемеге уақытылы жеткізді . Полиция қызметкерлеріне және олардың басшылығына көп рахмет!»,- деп сәбиін құшағына алған әке әлеуметтік желі арқылы алғысын білдірді.
Әйел дәл уақытында жеткізілді.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде бізге жүргізушілер қандай да бір жағдайда көмек көрсетуге түрлі өтініш білдіруде, сондай – ақ біз жол үстінде әрдайым көмек көрсететін жүргізушілерді байқап отырамыз», – дейді полиция старшинасы Максим Драгун.