«Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде сотталғандар арасында психологиялық- әлеуметтік тәрбие жұмысы бойынша психолог мамандар семинар- тренинг ұйымдастырды.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «педагогика және психология» кафедра доценті және ЗК-169/1, ЗК-169/5 мекемелерінің психолог мамандары қатысты. Семинар- тренингтің мақсаты : сотталғандар арасында жағымды орта мен оң мінез – құлықты қалыптастыру, психологиялық көмек көрсету, суиидтің алдын алу.
«Соңғы жылдары қоғамға айықпас дерт болып жабысқан ғылыми атауы «суицид» деп аталатын адамның өзін-өзіне қол жұмсауы бүгінгі күннің аса өзекті мәселесіне айналып отыр. Оның алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсінуміз қажет – дейді Сәндігүл Құлаханқызы.
Шара барысында сотталғандармен тренинг- жаттығулар ойнатылып,теориялық және практикалық әдістемелер пайдаланылып, сотталғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар да берілді.
Алдағы уақытта психолог мамандармен бірлескен іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде жалғасын табатын болады.