Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейді
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республиканың барлық аумағында ескерту жарияланды. Соңғы күндері елімізде күннің құбылмалығы, ауа температурасының күрт төмендеуі байқалды.
Ауа -райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) еліміздің 9 облысының 48 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша полиция қызметкерлері мен ТЖ саласының қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қажетті жедел көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
ІІМ қазіргі уақытта автожолдардағы жағдай өте қолайсыз екенін ескертеді және азаматтардан жақын уақытта жолға шығудан бас тартуын сұрайды.