Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері жолда көмек көрсетуде

23 қаңтарда ауа- райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері қар құрсауынан 95 автокөлікті алып шығып, жылыту бекеттеріне жеткізді. Облыстың барлық автожолдарында 27 арнайы көмек бекетін қойды, 113 қызметкер жолдағы оқиғалардың алдын алу үшін жұмылдырылды.

Ауа-райының құбылуына байланысты тәртіп сақшылары жолдағы көліктердің жылдамдық мөлшерін арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауын сұрайды.Қозғалыс кезінде ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажет. Ауа – райының қолайсыздығы кезінде минималды жылдамдықта қозғалу- жол – көлік оқиғаларынан сақтайды.

«Қардың борауы және көк тайғаққа байланысты қозғалыс маршруттарын қадағалау қажет немесе алыс сапардан бас тартқан дұрыс. Егер сіз төтенше жағдайда болсаңыз, 102-ге қоңырау шалыңыз», – деп атап өтті Теміртау қаласының ІІБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Әсет Бұланбаев.

Саран қаласының тұрғыны Нұр-сұлтан қаласына барар жолда Батпақ ауылының маңында автокөлігі жолда тұрып қалды.Полиция қызметкерлері тоқтағанға дейін оған ешкім көмек қолын созбаған.

«Менің көлігімнің двигетелі істен шықты. Барлығы ауа-райының қолайсыздығынан қорқып тоқтаған жоқ.Мен үсіп кетемін деп ойладым. Жол полицейінің көлігі келіп тоқтады. Қандай көмек керек екенін сұрап,өз көліктеріне отырғызып, Оскаровка ауылына жеткізді. Көлігіме қажетті құралды алып,өз көлігіме жеткізіп, оны жөндеп бітіргенге дейін көмектесті. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз!», – деп Саран қаласының тұрғыны @ZelloVoditeli инстаграмм желісі арқылы полиция қызметкерлері алғыс білдірді.

Көлік тізгіншілері WhatsApp әлеуметтік желісіне полиция қызметкерлерінің күрекпен жолда тұрып қалған машиналарға көмектесіп жатқанын жарыса жіберуде.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындар мен қонақтарға ұзақ жолға шықпауды ескертеді.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жолда қалған көліктері арнайы орындарға апарып жатыр. Жүк көлігі жүргізушілерін жылы орынмен , тамақтармен қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру