Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткер көмек қолын созған полицейлерге алғыс білдірді

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Н.Мәсімовтің атына қала тұрғыны зейнеткер Қайыртас Нұрғалиевтен алғыс келіп түсті.

 “Құрметті Нұрлан Мырзаханұлы, АП-635 құрамындағы полиция қызметкерлеріне, яғни полиция аға лейтенанты Н.Б.Жабаев, полиция аға лейтенанты Е.К.Дабыкен, полиция аға лейтенанты А.Ж.Қаңтарбаев, полиция кіші лейтенанты А.С.Темешов, полиция лейтенанты А.Сүлейменовке алғыс айтамын!

Олар менің мүгедек балам Нұртасты іздеуде зор үлестерін қосты. 20 қаңтарда базар маңында жоғалтып алған ұлымды 1,5 сағаттың ішінде тауып берді. Полиция шақыртқан кезде жедел шешім қабылдап, 10 минуттың ішінде іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Екі полиция машинасы мен учаскелік инспекторы бұл іске жұмылдырған еді. Полиция қызметкерлерінің ептілігі, кәсіби шеберліктерінің арқасында 1-топтағы мүгедек баламды тауып алдым. Полиция нағыз ел қорғаны деп айта аламын! Еңбектеріне жеміс тілеймін!»-дейді  қала тұрғыны Қ.Нұрғалиев алғысын жаудырып.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру