Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшыларының жұмысына шолу жасалды

Қаңтар айының 23 мен 24 күндері аралығында құбылған ауа-райының салдарынан ақ түтек боран Қарағанды облысы тұрғындарын біраз әбігерге салды.Автожолдарда жол жүру қиындап, кей шағын аудандарда көлік кептелісі болды. Осы мезетте Қарағанды гарнизонының тәртіп сақшылары жұмыстың күшейтілген түріне көшіп, республикалық маңызы бар автожолдармен қала ішінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты.

Тәртіп сақшылары қолына күрек алып, көлік иелеріне көмек қолын созғаны, жол жүруді реттеуі және тағы да басқа жұмыстар атқарған бейнелері әлеуметтік желілерде жарияланып, тұрғындар тарапынан оң пікірге ие болды. Қарағанды қаласы №93 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары 24- қаңтар күні тәртіп сақшыларының жұмысын көру және олармен етене жақын танысу мақсатында Қарағанды қалалық полиция басқармасында болды.

«Полиция қызметкерлерінің жұмысы ауыр. Олар қандай мезгіл болса да
жұмыста болады. Бүгін біз ұстаздарымызбен полицейлердің жұмысымен
танысу мақсатында осы жерге келдік. Бізге камералармен қалай жұмыс
істейді, тәртіп сақшылары дайындық жұмыстарын қалай жүргізеді соның
барлығын көрсетті. Сондай-ақ, боранда жұмыс жасаған ағалармен таныстық.
Маған осы кісілердің жұмысы қатты ұнайды»,-дейді №93 мектеп-
гимназиясының оқушысы Айым Әбішева.

Қалалық полиция басқармасына келген оқушыларға бейне бақылау камераларының жұмысы түсіндіріліп,жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері оларды қару түрлерімен таныстырды. Сонымен қатар оқушылар патрулдік полиция полкінің тир залында атыс -жаттығу
сабақтарының өту барысын өз көздерімен көріп, полицияның арнайы көліктерімен техникалық құралдарының жұмысына куә болды.

«Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және олардың
арасында Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында мұндай
шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Баланы жастан
демекші, мектеп кезінен бастап, құқық қорғау саласының қыр-сырын жас
ұрпақтың санасына сіңіріп, қызметіміздің қаншалықты тәуекелге толы
екенін көрсетіп, ерлік жасаған әріптестеріміздің есімі мен ерліктерін мектеп
оқушыларына танытып отырсақ, біздің қызметке деген көзқарастары өзгерер
деген ойдамын»,-деді Қарағанды қалалық Полиция басқармасының бастығы,
полиция полковнигі Думан Қожахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру