Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

800 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Павлодар облысында абаттандыру ережесін сақтамағаны үшін салынған айыппұл мөлшері 800 мың теңгеге жуықтады. Павлодарлық полицейлер абаттандыру ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Осы қыста облыста қардың қалың жаууына байланысты – қарды уақытылы ашу өте өзекті мәселе. Анықталғандай, барлық тұрғындар өз аймағын қардан тазартуға асықпайды.Облыс бойынша 20 күн ішінде қарды уақытылы тазаламағаны үшін салынған айыппұл мөлшері 600 мың теңгеден асты.

Мәселен, Толстой көшесінде орналасқан дөңгелек жөндеу шеберханасының иесіне 53 020 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін оған қар тазаламаған жағдайда арнайы жауапкершік бар екені ескертілген болатын. Арнайы хабарламаға назар аудармаған азаматқа іргелес жатқан аумақтағы қарды уақытылы тазаламағандығы үшін айыппұл төлеуге тура келеді.Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің біріне лас суды төккені үшін 79 530 теңге көлемінде айыппұл салынды.Бірқатар дүкендердің, дәріханалардың және компьютерлік клубтардың иелеріне қатысты ескерту түрінде жаза қолдану туралы хаттама жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, ереже бірнеше мәрте бұзылғаннан кейін ғана айыппұл салынады. Ал бірінші рет орын алған кезде мәселе қайталанбас үшін алдын ала жұмыстар жүргізіліп, түсіндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру