Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер есірткі затын заңсыз сақтаған облыс тұрғынын ұстады

07.02.2019 жылы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1994 ж.т. қала тұрғыны есірткі заты «марихуананы» заңсыз сақтағаны анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша  есірткі заты 1 граммнан аса мөлшерде болған (актісі бойынша 1,11 гр.). Күдікті  ұсталып  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

24 қазан 2019 жылы Қызылорда облысының мамандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, күдікті азамат Қазақстан Републикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 70 АЕК, яғни 176 750 тенге айыппұл салынды. Үкім  заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру