Тәртіп тексерістен басталады
Аса өзекті мәселелердің бірі ҚАЖ мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу. Қазірде тексеру тобы маңызды шешім қабылдап отыр.
Оқиғаның алдын алу-тыйым салынған заттардың мекеме аумағына енуіне жол бермеу болып табылады. Тексеру тобының қызметкерлері аумаққа кіретін адамдарға ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген рұқсат етілген заттар мен оларды алып өту және сотталғандарға беру үшін арнайы жауапкершілік тағайындалған.
Одан әрі баратын адам тексеру бөлмесіндегі
стационарлық металл детекторы арқылы өтеді. Бұдан басқа режимдік бөлімнің тексеру тобы сотталғандарға берілетін сәлемдемелерді мұқият тексеруді ұйымдастырады. Тыйым салынған заттарды табу және алып қою-өте маңызды. Бастысы мұқияттылықты талап етеді.
Ұялы телефондардың, спирттік немесе есірткі сияқты заттардың сотталғандардың қолына түсуі тәртіптің, ұстау режимінің бұзылуына алып келеді. Мұндай жауапсыздықтың соңы жаңа қылмыс жасауға түрткі болмақ.