Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысы: барлық бағыттар бойынша жолдар ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша республикалық маңызы бар жолдар ашылды. Қазір Тимирязев ауданындағы облыстық маңызы бар жол жабық. Демалыс күндердегі боран бәсеңдеді.

Елді мекендерде және трассаларда қар жинау жұмыстары жалғасуда.
«Солтүстік Қазақстан облысы жолдарындағы жағдай боран мен көктайғақ салдарынан қиын болды. Тәулік бойы мониторингті полиция қызметкерлерінің экипажы және басқа да мүдделі қызметтер жүзеге асырады», – деп мәлімдеді
жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Григорий Тыш.
Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандарында жол учаскелеріндегі жағдай аса күрделі болды. Бұл жерде демалыс күндері ондаған жеңіл көлік, жүк және жолаушылар көлігі қар құрсауында қалды.

«Барлық демалыс күндері біз ТЖ қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдармен күшейтілген тәртіпте жұмыс істедік. Ауа- райының қолайсыздығына байланысты 20-дан астам автокөлік қар құрсауында қалды. 10 фураны жолда ұстауға тура келді. Барлық жол учаскелерін үсік шалмау және басқа да төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында бақылауда ұстадық”, – дейді Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдос Ыдырысов .

Украин азаматы 1 тәуліктей жолда тұрып қалды. Виктор Ивашковский өзінің үлкен жүк көлігімен қар құрсауында қалды.
Полицейлер мен ТЖМ қызметкерлері оған жанар-жағармай , көлікке қажетті жарақтар және азық-түлік жеткізіп берді. Осы уақыт ішінде олар Көкшетаудан Отанына бара жатқан шетел азаматымен үнемі байланыста болды .

Ал, ресейлік азамат Ақжар ауданында Тұғыржап пен Талшық ауылдарының арасында тұрып қалды. Қиыршық тас тиелген “Орал” көлігі аударылған.
Петропавлдан Қостанайға бара жатқан автобус жүргізушісіне де жолаушыларға да боран кедергі келтірді.

Олар Шал ақын ауданынан шыға алмады. Сергеевка аудан орталығындағы арнайы жылы аймаққа орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру