Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада 600-ге жуық адам эвакуацияланды

Ақмола облысының полицейлері мен құтқару қызметтері қар құрсауында қалған 600-ге жуық адамды эвакуациялады.Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Құтқару жұмыстарын жүргізу полиция департаментінің бастығы генерал – майор Арманбек Баймұрзиннің және ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алексей Советовтың жеке бақылауында.

Полиция ведомствосының басшысы А. Баймурзиннің айтуынша, 26 қаңтарда сағат кешкі 5 шамасында төрт аудандық полиция бөлімі “дабыл” сигналы бойынша көтерілді.Қар құрсауына түскен жол қозғалысына қатысушыларды құтқару үшін 400-ден астам техника жұмылдырылды.

26 қаңтарға қараған түні Бұланды ауданының Макинск қаласында 60 автокөлік эвакуацияланды. Көліктерде 130 жүргізуші мен жолаушы, оның ішінде 12 әйел адам болған.

27 қаңтарда жол төсемдерін тазалау жұмыстары жүргізілгеннен кейін Көкшетау қаласында 14 үлкен жүк көліктерін алып жүру ұйымдастырылды.

Ақкөл қаласында 300-ден астам адам және 140-тан астам техника эвакуацияланды. Көшірілгендердің ішінде 40-қа жуық бала аудандық мәдениет үйі мен агротехникалық колледжде орналасқан жылыту бекеттерінде орналасқан. Барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

ТЖ департаментінің бастығы Алексей Советовтың ақпараты бойынша,
қолайсыз ауа-райы жағдайын ескере отырып, елді мекендерден шығуды шектеу үшін 47 мобильді бекет қойылды. Ақмола облысының Ақкөл, Ерейментау, Шортанды, Целиноград аудандарында жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

27 қаңтардағы жағдай бойынша жылыту пункттеріне 600 – ге жуық адам эвакуацияланды, тәулік бойы адамдарды іздеу, қар құрсауынан эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Павлодар қаласы мен Целиноград ауданының аумағындағы жағдай күрделі .

Ақмола полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жақындарын,туыстарына іздеуші азаматтарға қажетті ақпарат алу үшін “112”телефонына қоңырау шалуды сұрайды.
Облыс автожолдарындағы жағдай бақылауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру