Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілермен бірлесіп көмек көрсетілді

Президенттің Жарлығымен 2020 жыл “еріктілер жылы” деп жарияланған болатын.Қазақстанда еріктілер жылын өткізу идеясы Қостанайда өткен Қазақстан – Ресей жастар форумында айтылды.

Қазіргі уақытта пробация қызметіне басшылық жасау бөлімі СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және СҚО еріктілер клубы бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен жұмысқа волонтерлерді тарту бойынша бағдарлама әзірледі.


Бұл бағдарламада материалдық көмек көрсету заттар түрінде: азық-түлік және бірінші кезектегі қажетті заттар қамтылған.Балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға және ерекше топтағы адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Осындай мақсаттағы акциялар алғаш рет өткізіліп тұрған жоқ.Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық қорлар мен бірлестіктерді тарта отырып, футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және тағы да басқа спорт түрлері бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру