«Көршілер бақылауы» бағдарламасы іске қосылды
24 қаңтарда Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №51 үйдің ауласында аталған аула тұрғындары және Қызылорда облысы полиция департаменті және Қызылорда қаласы полиция басқармасы басшылығының қатысуымен қылмыс мен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде мүліктік қылмыстардың алдын алу, тосқауыл қою мақсатында «Көршілер бақылауы» бағдарламасын енгізу мәселесі бойынша жиын өткізілді.
Бағдарлама мақсаты – бір үйдің немесе бір аудандағы үйлердің тұрғындары өз аумағын қадағалау арқылы көрген бұзушылықтар мен күмәндары туралы дер кезінде полицияға хабарлауын қамтамасыз етіп, келіп түскен ақпаратқа байланысты дереу шараларды үйлестіру болып табылады.
Көршілер бақылауының жақсы қызметінің кепілі ретінде үй тұрғындары мен полиция арасындағы ынтымақтастық және ақпаратпен алмасуды айтуға болады.
Іс-шара Шұғыла мөлтек ауданы, Өсербаев көшесі бойындағы орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында және басқа да аймақтарда жалғасын табатын болады.