Жол беріп, өмір сыйла!
Жедел жәрдем көлігіне жол бермеу салдарынан, көмекке шақырған науқастардың көпшілігіне жедел жәрдем кешігіп жетеді. Тіпті кей көліктер жедел жәрдемге соқтығысқан жол апаттары жиі орын алып жатады. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мен болдырмау мақсатында Түркістан облысы полиция департаментіне қарасты Түркістан ҚПБ патрульдік полиция қызметкерлері медицина және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандарымен біріге «Жол беріп, өмір сыйла» республикалық акциясын жүргізді. Дабылын қосып, полицияның сүйемелдеуімен қала көшелерінде жүріп өткен жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілер де кездесті.
Полиция қызметкерлері оларды тоқтатып, жол қозғалысы маңыздылығын түсіндіріп, ҚР ӘҚБтК-нің 598-бабымен хаттамалар толтырылды. Кейбір жүргізушілер байқамай қалғандықтарын айтып ақталса, енді бірі алдағы уақытта заңды ескеретіндіктерін жеткізді.
Осылайша, Түркістан қаласының маңызды көшелері мен көпқабатты тұрғын-үйлердің арасымен жүріп өткен арнайы қызметтік көліктер мұндай іс-шараны өткізуді дағдыға айналдыратындықтарын жеткізді.
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктерін көрсеңіз, міндетті түрде жол беріп, адамгершілік танытуларыңызды сұраймыз.