Бораннан аман шыққан жолаушылар полицейлерге алғыстарын білдірді
Жамбыл облысы Жуалы ауданында аудандық бөлімінің полиция қызметкерлері мен патрульдік полиция батальоны екі тәулікке жуық болып жатқан қар көшкініне қарсы тұрып келеді.
Полицейлердің негізгі міндеті-қар басып қалған жолдарда жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Самат Хусаиновтың айтуынша, ауа райының күрделі жағдайы мен тұман ауданның 5учаскесіндегі автожолдарды жауып тастады. Жолдарда 30 полиция қызметкерлері мен 15 қар жинайтын техника құралдары және жұмысшылар қызмет еткен.
Полиция қызметкерлері адам шығынын болдырмас үшін көп күш жұмсауына тура келді. Қауіпті аймақтарға тап болған жүргізушілерге жан-жақты көмек көрсетілді.
Тараз қаласынан Шымкентке бет алған көліктердің бірінде әйел адам сәбиімен болды.Оның айтуынша,олар боранда қалып,түрлі қызметтерге қоңырау шалып, бірақ бірінші кезекте полиция қызметкерлері көмекке келген.
Тәртіп сақшылары оларды қар құрсауынан шығарып, жылытып, тамақтандырып, көліктерін қардан шығарып, Таразға дейінгі жолдарын жалғастыруына көмектесті.
– Барлығыңызға рахмет, – Жарайсыңдар! Олардың белсенділігі және қызметтеріне адалдығының арқасында біз қар құрсауынан аман-есен шықтық, – деп сәбиін құшағына алған ана полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді .
Сондай-ақ, осындай қиын жағдайға тап болған Тараз қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Байтасов да алғысын айтты, олар полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан көмегінің арқасында үйлеріне аман-есен жеткен.
Бүгін Жамбыл облысында автокөлік қозғалысы үшін барлық жолдар ашылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қолайсыз ауа-райы жағдайында облыс тұрғындары мен қонақтарын алыс сапарларға шықпауға, ал төтенше жағдайларда дереу полицияға көмекке жүгінуге шақырады.