Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қаңтар айында полицейлер 7 кәмелетке толмағандарға іздеу салды

Осындай фактінің әрқайсысы өтініш берген сәттен бастап басшылықтың бақылауында болады. Барлық жеке құрам жасақталады, ювеналды полицейлерден, криминалдық полиция қызметкерлерінен, учаскелік инспекторлардан іздеу топтары құрылады. Петропавл қаласында қаңтар айында 7 жасөспірім үйінен кетіп қалған, оның біреуі-екі рет. Барлық жоғалған адамдар сол тәулікте табылды. Әдетте, жасөспірімдер телефондарды қосуды ұмытып  кетіп немесе ересектердің «кедергі жасамауын» қалап әдейі өшіреді және көбі достарының үйінде уақыт өткізеді.

«Балалармен жақын қарым – қатынас-олардың қауіпсіздігінің кепілі», — дейді Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшенің бастығы полиция майоры ЭльмираАбушева. Ата-аналардың шамамен 70%-ы баланың қарым-қатынасы,достары,оның ортасы туралы біле бермейді. Мысалы, 6-сынып оқушысы мектептен кейін дос қызымен кеткен,ал оны ата-анасы екі сағат бойы өз бетімен іздеген, таппаған соң полицияға жүгінуге мәжбүр болған.Қызының ондай досы бар екенін ата-анасы білмеген. Бақытымызға орай, бұл жолы іздестіру шаралары қолға алынбай тұрып, мектеп оқушысы үйге өз бетімен оралды».

Полицейлер баланың қарым-қатынас жасайтын ортасын білуге, баласының достарының ата-аналарымен қарым-қатынас жасауға кеңес береді.Егер сіздің балаңыздың танысы үйіңізде кешке дейін қалса-оның ата-анасына, туыстарына хабарласыңыз, олардың қайда екенін білетіндігіңізді айтыңыз. Баланы достарыңызға жібермес бұрын, балалардың ересектердің қарауынсыз қалмайтындығына көз жеткізіңіз.Баланың телефонының қуатталғанын қадағалаңыз. Бірақ ең бастысы-ұлыңыз  немесе қызыңыз үйден тыс шыға бермейтіндей әрекет ету керек.

Ұзақ уақытқа үйден өз еркімен кеткен әрбір жасөспірімді полиция қызметкерлері есепке қояды, материалды жергілікті атқарушы орган жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қарайды.

Ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жүйелі кодтар кезінде заңды өкілдерді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойылады. Егер барлық шара әрекетсіз болса, соңғы шара-девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына ауыстыру туралы комиссияның шешімі қабылданады. Өткен жылы осындай 7 шешім қабылданды.

2019 жылы СҚО-да кәмелетке толмағандардың жоғалуы бойынша 35 факті тіркелді, олардың 20-ы-ұлдар. Олардың барлығы табылды. 7 жағдайға іздестіруге бір күннен астам уақыт қажет болды. Іздестіру шараларында полицейлерге «Қамқор» және «Лидер KZ»еріктілер клубтарының мүшелері көмектесті.Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі әкімшілеріне де көмек қолын созатындықтары үшін  алғыс айтады. Кейбір жағдайда такси паркінің жүргізушілері де  үлкен көмек көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру