50-ден астам көлік тізгіншісі тіркеу бойынша кеңес алды
Павлодар облысының 50-ден астам көлік иесі мүліктерін уақытша тіркеу бойынша көмек алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірде 50-ден астам автокөлік иелері автокөлікті уақытша тіркеу бойынша кеңес алды.
Павлодарлық полицейлер ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу бойынша азаматтарға кеңес берді. Айта кету керек, ХҚКО демалыс күндері де жұмыс істеді. Мамандар шетелдік нөмірлері автокөліктердің иелерінің сұрақтарына жауап берді.
Екі күн бойы әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік кірістер департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерімен бірлесіп көлік құралдарының иелеріне көлікті уақытша есепке алу немесе тұрақты тіркеуге қалай қою керектігін түсіндірді.
Облыс бойынша 4 елді мекенде (Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс кенттерінде) азаматтарға кеңес беріледі. Айта кету керек, бір ай ішінде облыс орталығының автоцоны демалыссыз ерекше кесте бойынша жұмыс істейтін болады.