Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері 82 жастағы қария анаға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан қаласында көлік полицейлері 82 жастағы зейнеткерге көмек көрсетті,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда көліктегі Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, «Менеджмент және Бизнес» колледжінің еріктілері және әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ат салысты.

Акция негізінде Нұр-Сұлтан қаласының 82 жастағы жалғыз басты тұрғыны Раида Мифтаховаға көмек көрсетілді. Мифтахованың есік алдындағы қарын тазалап, көмірін кіргізіп, үй шаруаларына көмек көрсетілді. Сондай-ақ, еріктілер тобының «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша студенттер зейнеткерге түскі ас пісіріп берді.

 

«Қарттар–біздің асыл қазынамыз. Қазақстанның өсіп-өркендеп, еліміздің бейбітшілік өмір кешуі–осындай ардақты да аяулы қарт әжелеріміздің де арқасы. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Сондықтан мұндай көмекті көрсету бәрімізге де парыз деп ойлаймын»-деді әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлихан Жұмажанов.

Өз кезегінде Раида Мифтахова да полицейлерге, еріктілерге, әлеуметтік қызмет көрсетушілерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру