Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 кадет орта білім беретін мектебі» ММ оқушылары академияда болды
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 кадет орта білім беретін мектебі» ММ
оқушылары академияда болды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылы Қостанай қаласының №28-ші кадет орта білім беретін
мектебінің оқушылары Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының тыныс-тіршілігімен танысуға келді.
Академия қабырғасына келген қонақтар ең алдымен мемлекет және қоғам
қайраткері, Қазақ КСР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант (ІІ дәрежелі ішкі
қызмет генерал-лейтенанты), ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Ш.Қабылбаевтың
өмірбаянымен және академия тарихымен танысып, мұражайды тамашалады.
Оқу ордамызға келген жасөспірімдердің академияға келу мақсаты – болашақта таңдаған мамандықтарын адаспау, кәсіби, жақсы маман атану.
Оқушылар мұражайды тамашалағаннан кейін, акт залында «Жасөспірімдерге
арналған Полиция академиясы», «Академия» волонтерлер клубы және
академия туралы бейнеролик тамашалады. Сондай-ақ, оқушылар
курсанттардың асханасына кіріп, күнделікті ас мәзірімен танысты. Одан кейін спорт кешенін аралап, онда спортпен жаттығып жатқан курсанттардың бір күндік өмірімен танысты. Қонақтарға курсанттарымыз спорттың әр түрінен жаттығулар көрсетіп, олардың спортқа деген қызығушылықтарын оятып талпындыра түсті.
Жалпы академияның тыныс-тіршілігі, профессорлық-оқытушылық
құрамының сабақ беру тәсілі, спортпен шұғылдану жаттығулары, келген
оқушылардың көңілінен шықты. Кездесу барысында оқушылар сұрақтарын
қойып, академияның басқа жоғары оқу орындарынан қандай айырмашылықтары бар екендігіне жауап алды, сонымен қатар бұл
ведомстволық оқу орнында білім нәрін алып жатқан курсанттар, яғни болашақ
тәртіп сақшыларының білімімен қоса ғылымда, спортта және басқа да салаларда қол жеткізген жетісктерімен танысты.
Оқушылар тамаша кездесуден кейін, болашақта ішкі істер органдарының тәртіп сақшылары болғылары келетіндігін жеткізді.
Бір күндік кәсіптік бағдар жұмысы осылайша жемісті өтті.