Заңсыз аң аулаған күдіктілер құрықталды
Солтүстік Қазақстан облысы полиция қызметкерлері жылдың басынан бері болған 5 заңсыз аң аулау фактісін анықтады,-деп хабарлады Polisia.kz тілшісі.
«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер облыстың орман алқаптары бойынша рейдтерді күшейтті.
4 ақпанда табиғат қорғау полициясының облыстық және аудандық топтарының қызметкерлері аға қорықшымен «Соколов» аңшылық шаруашылығының аумағын қарап шықты.Рейд барысында,Желяково ауылының маңында қысқы көлікпен жүрген 2 адам анықталды.
Сондай-ақ жақын маңда аңшылық құрал-жабдықтары мен Сібір елігінің екі өлі денесі табылды. Бір өлі денені ағашқа іліп, бөлшектеуді жоспарлаған екен.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы («Заңсыз аң аулау») бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қылмыс орнынан аңдардың өлі денесі, трікелмеген «Yamaha» қысқы көлігі, 12 калибрлі «ИЖ» тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтығы, аңшы пышағы, сондай-ақ оқ-дәрілер тәркіленді.
Қылмыс жасады деген күдікпен Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны Қызылжар ауданы полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, онымен бірге болған туысының қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Полиция қызметкерлері 11-қаңтардан бастап заңсыз аң аулау үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілгенін ескертеді. 337-баптың 1- бөлігі бойынша айыппұл санкциясы 160 мыңнан-3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.
Қамауға алу түріндегі ең соңғы жазалау шарасы 40 тәулікке дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру- 3 жылға дейінгі мерзімге ауыстырылды.
«Бұл жыл басынан бері заңсыз аң аулаудың бесінші оқиғасы және «Браконьер » жедел алдын алу шарасы барысында анықталған төртінші оқиға», — деп хабарлайды СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Асхат Қожабаев.
Естеріңізге сала кетейік, 1-қаңтардан бастап қос тұяқты жануарларды аулауға тыйым салынған. 6-қаңтарда басталған «Браконьер» жедел алдын алу шарасы 5 ақпанда аяқталды. Операция кезінде өңір полицейлері 267 әкімшілік құқық бұзушылықты,оған қоса 156 аң аулау және 53 балық аулау құқық бұзушылықтарын анықтады.