Мемлекетаралық іздеуде болған ұры ұсталды
Бірнеше ұрлық әрекетін жасағаны үшін мемлекет аралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Өскемен қаласы Полиция
басқармасының қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу
мақсатында жүргізген жұмыстары барысында облыс орталығының Үлбі
ауданында бірнеше ұрлық әрекетін жасағаны үшін мемлекет аралық іздеуде
жүрген 1974 жылы туылған күдікті қолға түсті.
Қазіргі уақытта күдіктінің 10 шақты ұрлық дерегіне қатыстылығы анықталуда. Қаңтар айының бас кезінде Үлбі ауданына қарасты бірнеше тұрғынның гараждары тоналғаны жайында тәртіп сақшылары шағымдарды тіркеген болатын. Үйдің ауласындағы гаражда сақталған тұрмысқа қажетті заттардың ұрлану дерегі бір тектес, яғни белгісіз тұлға гараждың құлпын бұзып кіру арқылы электрлі ара, перфоратор, дрель сынды аспаптарды қолды етіп отырған.
– Барлық деректер бойынша тұрғындарға 1 миллион 200 мың теңгеден шығын келтірілген. Қазіргі таңда күдікті Өскемен қаласы Полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамауға алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,- деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Даур Ибраев.