Өрттен әйел адамды алып шыққан батыр марапатталды
Айет ауылынан келген жас учаскелік инспектор Жанат Меңдіғалиевтің әйел адамды өрттен құтқарып қалғаны,баршамызға аян. Азамат бүгін Қостанай облысы Б. Майлин атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі О. Батырхановтың атынан алғыс хат алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция лейтенанты Жанат өткен жылы ғана Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай ІІМ Академиясын бітірді.
Ішкі істер органдарында қызмет еткен бір жыл ішінде Жанат Меңдіғалиев өзінің батырлығымен ерекшеленді.
Б. Майлин атындағы ауданындық учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Жанат Меңдіғалиевті марапаттау озі оқыған Ш. Қабылбаев академиясында өтті.
Кездесуге Қостанай облысы полиция департаментінің өкілдері, академия қызметкерлері, бастапқы кәсіби дайындық курстарының тыңдаушылары қатысты.
Жанат бала кезінен полицей болғысы келген еді, жігіттің арманы орындалды. Жанаттың әріптестері қарапайым, батыр және батыл дейді. Халыққа көмек көрсету оның борышы екеніндігін Жанат атап өтті.
– «102»-ге Жабағы батыр көшесінде жеке үй жанып жатқандығы туралы қоңырау келіп түсті. Біз әріптесімен бірге оқиға орнына келіп, өртті сөндіре бастадық. Содан кейін өрт сөндіру қызметінің құтқарушылары келіп, сөндірді. Бірақ әлі де түтін болды. Ойлануға уақыт болмады, мен бірден үйге кірдім. Сол жерде дауыс шығып жатқан жаққа қарай жүріп,әйел адамды таптым,-дейді батыр.
Кадр саясаты бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Руслан Аужанов өз сөзінде: «әрбір батырлық іс-әрекет таңдануға және құрметтеуге лайық, өйткені адам басқа адамдардың өмірін құтқару үшін ерлік жасайды.Ерлік жасай отырып, адам батылдық, жанқиярлық танытады. Біздің түлегіміз полиция лейтенанты Ж. Меңдіғалиев батырлық іс-әрекет жасады.Жыл сайын Академия ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырады. Біздің мақсатымыз-өскелең ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті, өз Отаны үшін мақтаныштықты, Отанды өркендетуге ұмтылу, сондай-ақ қажет болған жағдайда елді қорғауға дайындықты қалыптастыру».
Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай ІІМ академиясының бастығы полиция полковнигі Н. Биекеновтың атына Қостанай облысы Б. Майлин атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі О. Батырхановтың атынан алғыс хат келіп түсті.
Іс-шара барысында полиция подполковнигі Р. Аужанов академия бастығының полиция қызметкеріне алғыс хатын табыс етті.Қатысушылар Жанат Меңдіғалиеваға сұрақтар қойып, кездесудің соңында барлығы онымен қуана суретке түсті, себебі Жанат жас қызметкер болғанына қарамастан, бүгінгі күннің батыры. Сонымен қатар, Жанат сияқты жігіттер күн сайын өз өміріне қауіп төндіреді, адамдар мен олардың мүлкін құтқарады, азаматтардың тыныштығын сақтайды.