Видео: Жатақхана маңында студент пышақ жарақатын алды
Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жатақханасының маңында болған төбелестен,студент пышақ жарақатын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
05 ақпанда Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жатақханасының артында студенттер арасында төбелес болды, салдарынан 19 жасар студент пышақ жарақатын алып, Ақтөбе қаласының ЖЖА-на жатқызылды.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полицейлер төбелеске қатысушыларды анықталып, ұстады, сондай-ақ пышақ жарақатын салған адамның жеке басын анықталуда. Оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24, 3-99 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті жатақханаларда және жалдамалы пәтерлерде тұратын студенттердің ата-аналарына өз балаларын бақылауға шақырады. Ата-аналар өздерінің балалары қайда және кіммен жүргенің, сабаққа қатымысын бақылауға тиісті.