Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеуші азаматтар мұражайға экскурсия жасады

Қызылорда облысының жазасын өтеуші азаматтары мұражайға экскурсия жасады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу – әрбір азаматтың міндеті. Бүгін Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесі жазасын өтеуші 40 шақты азаматты облыстық тарихи- өлкетану музейіне алып барды. Жазасын өтеушілер тарихы терең музейде өлкеміздің табиғаты, өнері, тарихы, мәдениеті жайлы сыр шертетін 14 залды аралады. Мұражай қызметкерлері экспозициялық залдар бойынша қордағы құнды экспонаттармен, мұражай тарихынан толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағлұмат берді.

Экспонанттар- халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары, халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден жазасын өтеуші азаматтар тамаша әсер алып, мекеме әкімшілігіне алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру