Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметінің жұмысы талқыланды

БҚО Теректі ауданының прокуратурасымен күдікті деп танылған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі пробация қызметін қолдану кезіндегі полиция бөлімі мен пробация қызметінің өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Кеңеске полиция бөлімі бастығының м.а. Амангелді Убишев, пробация қызметінің бастығы Виктор Сохин, жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Супогалиев, тергеушілер, анықтаушылар, пробация инспекторлары және учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Сотқа дейінгі пробация – күдіктіге, айыпталушыға олардың мінез-құлқын түзетуге бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі іс-әрекет және шаралар жиынтығы екені айтылды.

Кәмелетке толмағандарға, мүгедектерге, 58 және одан жоғары жастағы, 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, 63 және одан жоғары жастағы, 3 жасқа дейінгі балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ерлерге қатысты қолданылады.

Сотқа дейінгі пробация медициналық қызметтер алу, орта білім алу, мамандықты меңгеру, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, психологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдер алу мәселелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жолымен қамтамасыз етіледі.

Аудан прокуроры Равиль Мажитов 2019 жылы сотқа дейінгі пробация 9 адамға қатысты қолданылғанын атап өтті.

Алайда, уәкілетті органдар түсіндіру жұмыстарын жеткіліксіз жүргізетінін, кейбір күдікті тұлғалар түсінбеуі немесе қызметкерлердің дұрыс түсіндірмеуі салдарынан оны қолданудан бас тартатынын айтты.

Кеңес соңында сотқа дейінгі пробация қолдану кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге және түсіндіру жұмыстарын жандандыруға бағытталған шаралар әзірленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру