Қалта ұрлығына қатысты күдіктілер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында қалта ұрлығының саны күн санап артуда,-деп хабарлайды Polisia.kz.
- Біздің статистикаға сәйкес қалта ұрлығының дені қоғамдық көліктер мен сауда үйлерінде, яғни адам көп шоғырланатын орындарда жасалады. Қала тұрғындары мен қонақтарға сөмкелері мен қалталарына абай болып, сақтық шараларын күшейтуге кеңес береміз, - деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Даур Ибраев.
