7 бала газбен уланудан аман қалды
Шығыс Қазақстанда улы газдың хабарлағышы 7 баланы трагедиядан
қорғап қалды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
7 баласы бар көпбалалы отбасы газбен уланудан аман қалды. Ең
кішісінің жасы 2 айға да толмаған шарана екен. Оқиға кеше кешкісін
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында болған. Бұған дейін Бородулиха ауданы төтенше жағдай бөлімінің өрт сөндірушілері орнатқан
хабарлағыш таңғы 5-те іске қосылып, белгі берген. Үй иелері ояна
салысымен үйдің ішін желдетіп, балаларды оятқан. Олардың кейбірі
бастарының айналғанына шағым айтқан. Жазатайым оқиғаға жол бермес
үшін ата-аналары дәрігерге жүгінген. Дәрігерлер балалардың денсаулығы
мен өміріне қауіпті сейілткеннен соң үйлеріне қайтарды. Алайда диагноз
қойылды – улы газбен жеңіл улану.
«Улы газдың шекті концентрациясының шамадан артып кетуі түтін мұржасындағы сору құбылысы болмағаннан болуы мүмкін. Әдетте сыртқы ауа-температурасы жылып кетіп немесе нөлге жақын кезде осындай құбылыстар болып жатады. Сору құбылысының болмауын ертереканықтасаңыз одан құтылу да оңай болады. Сондықтан да жылыту жүйесін үнемі қадағалап отырыңыз. Егер де қою түтін пайда болса,пештің есігін ашып қалғанда ақ немесе сұр, қап-қара ыс сызаттар мен құбырдың біріккен тесіктерінен шығып тұрады. Сору құбылысының болмауын қарапайым ғанатәсілмен тексеруге болады: бұл жанған майшамның көмегімен. Егер де жалын сізден ары қарай пештің ішіне қарай кетсе – бұл жағдайдың қалыпты екендігінің белгісі, егер де алау орнынан қозғалмай тұрса – бұл әуемассасының тиісінше айналмай тұрғандығын білдіреді» – деп түсіндірді ШҚО Төтенше жағдай департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғаусаласындағы бақылау басқармасында.
Бұл ШҚО-дағы жыл басынан бері улы газдың хабарлағышының іске
қосылып кеткендегі 5 оқиға, бұл ретте 23 адамның өмірі құтқарылғанын еске
саламыз. 2 оқиға Бородулиха ауданында, Ұлан, Абай және бесқарағай
аудандарында бір оқиғадан тіркелген.