Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция 70-ке жуық «тұрмысы төмен отбасын» анықтады

Жедел профилактикалық іс -шаралар кезінде  Шығыс Қазақстан полициясы 70-ке жуық «тұрмысы төмен отбасын» анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық қатынастар, маскүнемдік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау немесе тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінде тіркелген адамдарды тексеру мақсатында ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 ақпанына дейін Шығыс Қазақстан облысының аумағында республикалық жедел профилактикалық іс-шара өткізіледі. Іс-шара 20 күнде облыс полициясы тұрмыстық және басқа сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында сұхбат жүргізіп, 10 мыңнан астам есепті тұлғаның тұрғылықты жерінде тексеру ұйымдастырды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастарында заңсыз әрекеттері үшін (ҚР ӘҚБтК 73-бабы Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 320 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 59 адам алкогольдік және нашақорлыққа мәжбүрлеп емделуге, 69 тұрмысы нашар отбасы тіркеліп, 61 адам кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жазаға тартылды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы ), 12 адам ата-ана құқығынан айырылды. Халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру