Істі болған азаматтың үйінен электр құралдары табылды
Шығыс Қазақстан облысы пробация қызметінің қызметкерлері ауыр қылмысты ашты,-деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша қылмыстық – атқару жүйесі Департаментінің Әуезов аудандық пробация қызметінің қызметкерлері ауыр қылмыс жасағаны үшін Семей қаласының тұрғынын ұстады.
Әуезов аудандық пробация қызметінің қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған «П.А.» тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру кезінде сотталғанның үйінен электр құралдарын тапқан. Есепте тұрған сотталғанмен әңгімелесу барысында пробация қызметінің қызметкерлері электр құралдарының ұрланғанын анықтаған. Пробация қызметкерлері жедел түрде баянатпен Әуезов аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына шығып ауыр қылмыс жасаған тұлғаны ұстап берген.
Қазіргі таңда 35 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен қарастырылған қылмыстық іс қозғалды (бөтеннің мүлкін ұрлау).