Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөсіпірімдер тарапынан болатын қылмыстарды болдырмау-басты назарда!

Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шара өтуде – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және болдырмау тәртіп сақшыларының басты міндеттерінің біріне айналған.
Кәмелетке толмаған жас-өспірімдерге түнгі уақытта компьютерлік клубтарда отыруға және көшеде ата-анасыз жүрудің қауіптілігі қаншалықты ескертіліп жатса да, ережелерді сақтай бермейтіндер саны азаяр емес. Осы мақсаттағы жұмыстар Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан басты назарға алынып отыр.
 Мәселен, таяу арада аудан полицейлері жасөспірімдерге қатысты профилактикалық іс-шарасын өткізіп, түнгі уақытта жүрген балаларды анықтаса. Бұл жолы жасөспірімдерді заң бұзып, қылмыскер атанғандардың полиция бөліміне жеткізіліп одан кейінгі өмірінің қалай өзгеретіндігіне көздерін жеткізу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Қазығұрттық сақшылар әдейілеп бір күндерін арнап мектеп оқушыларын полиция бөліміне кіргізіп, аралатты. Балаларды бөлімнің тыныс тіршілігімен жіті таныстырып, өз оқиғаларымен,
қылмыскерлерді құрықтау кезінде болатын түрлі жайттарды айтып әңгімеледі.
Экскурсия барысында тәжірибелі полицейлер балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз және олардың ертуінсіз түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық орталықтары мен қауіпті жерлерде жүрмеу керектігін ескертті. Оқушылар полиция қызметіне қатысты өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптарын алды.
Экскурсия соңында жасөспірімдер полицейлерге арнайы уақыт бөліп, көңіл аударып, әсерлі саяхат сыйлағаны үшін алғыстарын жаудырды. Полиция бөлімін аралап, тыныс-тіршілігімен танысқан жасөспірімдерге Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері алдағы уақытта заңды сақтап, оқуда озат болулары үшін сәттілік тіледі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру