Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеке үйге қарулы шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Алматы облысында жеке үйіне қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы полицияға хабарлама келіп түсті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс өткен түні Алматы облысының Талғар ауданында жасалған. Сағат түнгі 2-лер шамасында Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Талғар қаласының тұрғыны өзінің жеке үйіне қарулы қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен жедел топтың анықтағанындай, бетперде киген, пышақпен, тапаншамен және шолақ мылтықпен қаруланған төрт ер адам пластикалық терезені сындыру арқылы кірген. Қаскүнемдер үй иелерін байлап, қорқытып, ақша, материалдық құндылықтар мен қымбат автокөлікті ұрлап кеткен. Барлық кезекші нарядтарға берілген бағдарлардың арқасында, сондай-ақ патрульдік экипаждардың үйлесімді жұмысы салдарынан ұрланған автокөлік көп ұзамай полиция қызметкерлерімен ұсталды. Сонымен қатар қылмыстың бір қатысушысы да қолға түсті, ол полиция қызметкерлеріне белсенді түрде қарсылық көрсеткен.

Қазіргі уақытта аталған факт ҚР Қылмыстқы кодекстің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қалған қылмыскерлерді ұстау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру