Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда заңсыз сақталған 15 аңшы қаруы тәркіленді

Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Шараның негізгі мақсаты – қаруды қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен және сатумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау. Сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды, заңсыз сақтау және сату деректерін анықтау.
«Қару» жедел алдын алу іс-шараларының үш тәулігінде Түркістан облысы ПД және оған қарасты басқа да полиция бөлімдерімен бірлесіп, қызметкерлер заңсыз сақталған 15 аңшы қаруын тәркіледі, оның ішінде 10 дана аңшы қаруы , бір дана шолақ мылтық, екі травматикалық және бір дана газды тапанша, бір дана пневматикалық мылтық алынды. Оның арасында төрт дана заңсыз қаруды Түркістан облысының тұрғындары өз еріктерімен полицейлерге тапсырды.
25.02.2020 жылы Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Шардара су қоймасы жанында рейдтік іс-шара барысында екі жергілікті тұрғынды ұстап, олардан екі тіркелмеген аңшы қаруын тәркіледі. Өз кезегінде 27.02.2020 жылы Созақ ауданының тұрғыны полиция бөліміне ерікті түрде үйінде сақтаған 16 калибрлі аңшы қаруын әкеліп өткізген.
Сонымен қатар, іс-шара барысында полицейлер 2.8 мыңнан астам қару иесін тексеріп, 153 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады, оның ішінде 99-ы қару сақтау ережесінің сақталмауы болса, 46 заң бұзушылық қаруды тіркеу, қайта тіркеу тәртібін бұзу болды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру