Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші екі автокөлікті соқты

Ақтөбеде көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші  екі көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында сағат 03:00 шамасында Сәңкібай батыр даңғылы мен М. Шоқай көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Ваз-21093 автокөлігінің жүргізушісі жолдың тайғақ учаскесінде жол-метеорологиялық жағдайын ескермей екі автокөлікпен соқтығысқан.

Анықталғандай, медициналық куәландырудан өту кезінде жол-көлік оқиғасына кінәлі көлік иесі тұлпарын мас күйінде басқарған. Сонымен қатар ол бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы бойынша кінәліні төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан, өмір бойы көлік басқару құқығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар, Әскери қалашық ауданында полиция наряды 28 жасар жүргізушінің басқаруындағы “Ауди А4” автокөлігін тоқтатты. Көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған бола тұра, автокөлікті мас күйінде басқарған азамат анықталды. Жүргізуші УҰИ-ға қамалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті ҚР-да 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы заң күшіне енгенін еске салады.

Өзгерген заңнама күшіне енген сәттен бастап Ақтөбе облысында көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, рөлге мас күйінде отырған 27 факті анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру