Атырауда бес қабатты үй өртенді
Атырау облысы өрт сөндірушілері бес қабаттағы үйден шаққан өрттің алдын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылғы 3 наурызда Атырау қаласында А. Құнанбаев көшесі, 30 «А» үй
мекен-жайында орналасқан бес қабатты үйдегі өрт сөндірілді.
Өрт балконға өту арқылы пәтерлердің бірінде орын алды, өрт аумағы 14 шаршы метрді құрады. Қалған үйлер зардап шеккен жоқ.
Шақыру сағат 16: 14- те келіп түсті, сағат 16: 54-те өрт толығымен жойылды. Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің кәсіби және уақытылы іс-әрекеттерінің арқасында үш иінді сатының көмегімен 12 адам құтқарылды, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала,ең кішісі 1 жыл болды және ең үлкен баласы 7 жаста болды. Баспалдақпен 37 адам эвакуацияланды (оның
ішінде 7 бала).
Шақырту орнына Атырау облысы ТЖД 5 бірлік техника мен 20 қызметкер жұмылдырылды.
Өрттің себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Әр адам өз өмірі үшін жауапты екенін атап өту керек. Үйде өрт болмауы үшін: кереуетте, балкондарда темекі шегу, бірнеше қуатты тұрмыстық техниканы бір розеткаға қосу арқылы электр желілерін шамадан тыс жүктеуге жол бермеңіздер, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, сіріңкемен ойнауға, электр мен газ құрылғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз. Қосылған электр және газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.
Бұл қарапайым ережелерді сақтамау қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.