Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір тәулікте екі жүргізуші ішіп ұсталды

Алматы облысының Қапшағай қаласында жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас боп көлік жүргізген азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Ұсталған екі жүргізуші де ішімдік ішкен. Патрульдік полиция наряды қызмет үстінде «Субару Легаси» автокөлігін тоқтатқан еді. Жүргізушісі Қапшағай қаласының 39 жастағы тұрғыны екен. 2018 жылдың тамыз айында ол көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған. Бірақ соған қарамастан мас күйде көлік тізгініне отырған.

Екінші азамат – Талғар ауданының 29 жастағы тұрғыны. Ол да 2017 жылдың мамыр айында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шешімімен үш жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Бұл жолы ВАЗ 21715 маркалы көліктің тізгінінде ұсталды, – деп хабарлайды патрульдік полиция взводының командирі Диас Айнақұлов.

Екі жүргізуші де медициналық сараптамадан өтіп, алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейі деген анықтама алып шықты. Екеуінің де көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды. Олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғанымен, жаңа заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Құқық бұзушылықтың осы түрі үшін белгіленген жаза айтарлықтай күшейген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру