Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пара бергені үшін ұсталды

Түркістан облысында полиция қызметкеріне пара бергені үшін Өзбекстан азаматы ұсталды – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті патрульдік полиция инспекторы ол туралы арызын Жетісу аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жеткізген. Тексеру анықтағандай, күндіз Жетісай көшелерінің бірінде полицейлер жол ережесін бұзған «Ауди» автокөлігін тоқтатады.

Сол жерде жол сақшылары жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыра бастайды. Ал одан жалтарғысы келген Өзбекстан азаматы полиция қызметкеріне 10 мың теңге пара ұсынады.

Полицейлер жүргізушіні күзетпен бірге Жетісай ауданының полиция бөліміне
жеткізді. Болған жағдай бірден сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне – ҚР ҚК 367-бабы «Пара беру» бойынша тіркеуге алынды. Айғақ ақша тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері лауазымды адамға пара беру – қылмыс екенін ескертеді. Осы бапта көрсетілгендей, пара берген адамның қылмысы дәлелденсе, белгілі бір лауазымнан немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл төлейді, не мүлкі тәркіленіп, болмаса, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру