Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрылар қырағы ұландықтардан құтыла алмады

Елордада Ұлттық ұлан сарбаздары бұрын сотталған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз күні сағат 18.45 кезінде Бейбітшілік көшесіндегі қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген әскери жасақ қолында әйел әмияны бар ер адамды байқайды.

Жасақтың жетекшісі Азамат Нұрланұлы тез шешім қабылдап, қасындағы жауынгерлер – Жайдар Дәулет пен Азамат Әділғазинов үшеуі сезік тудырған азаматқа көз салады. Әскерилердің өзіне қарай келе жатқанын көрген сезікті бірден қаша жөнеледі. Ұландықтар сол мезетте «Камила» атты қызметтік итті оның ізіне салып, ақыр соңында қашқынды қолға түсірді.

Көшедегі азаматтың аяқ асты қашуына не себеп болғанын анықтау үшін сарбаздар оны Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына жеткізген. Сол жерде ұсталған жігіттің бұрын да ұрлықпен сотталғаны белгілі болды. Жасы 25-те. Басқармада әмиян иесі оны жазбай танып, күдікті ұрлығын мойындауына тура келді.

Арада бірнеше сағат өткенде 5573 әскери бөлімінің тағы бір жасағы көше тәртібін қадағалап жүріп мас адамды көреді. Жасақ құрамындағы Абай Құлмахамбетов, Әділет Кеңесханов және Медет Қойшиев көшені басына көтеріп, айналасын балағаттап, көпшілік назарын өзіне аударған ер азаматты тоқтатады.

Қоғамдық тәртіпті бұзған оның да бұған дейін ұялы телефон ұрлап, іздеуде жүргені белгілі болды. Қолды болған телефон Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесінде тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру